KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Терможаңғырту бағдарламасын теріс насихаттағандар тиісті жазасын алады

20.08.2012, 18:00 116


Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Семей қаласына жасаған іссапары аясында шаћардағы Абай атындағы театр ғимаратында қала халқымен жүздесіп, құқық қорғау, заң және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы бірқатар түйткілді проблемаларды талқылады.

Аймақ басшысымен болған кездесуге өңірдегі құқық қорғау органдарының жетекшілері, қала әкімі Айбек Кәрімов, басқа да тиісті сала басшылары қатысты.

- Бүгінгі кездесуіміздің негізгі мақсаты -сіздер құқық қорғау органдары қызмет-керлеріне өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелерді жеткізіп, соған тиісті жауап алуға мүмкіндік тудыру, - деп жиынды ашқан облыс Әкімі бірден қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беруге кірісті.

- Құрметті Бердібек Мәшбекұлы, сізге қояр сұрағым, былтыр терможаңғырту бағдарламасы бойынша Тарбағатай көше-сіндегі 61-де орналасқан жатақханадан шу шықты, - деді қала тұрғыны Мұрат Хамзин. - 11 рет сот отырысы өтіп, Семейде сот Қабылбеков шешім шығарды. Шешім бойынша бұл тұрғын үйді терможаңғыртуға береміз деп, тұрғындардың қолдарын өзге біреулер қойған. Жиналыстың хаттамасы дұрыс жасалмаған. Өскеменнің апелля-циялық соты Семей сотының шешімін растамады. Сөйтіп, бәрі жоққа шықты. Шынын айту керек, бұл үйде негізінен жағдайы төмен отбасылар, базарда жұмыс істеп, күн көріп жүргендер тұрады. Терможаңғыртуға байланысты жөндеуге бар-жоғы 10 қап цемент жұмсалған, оны қағаз жүзінде 302 млн.теңгенің цементі деп көрсеткен. Мен терможаңғыртудың жүруіне қарсы емеспін. Өзім басқа үйде тұрамын. Біз, тұрып жатқан үйде де терможаңғырту жүріп жатыр. Біз, тұрғындар жиналыс ашып, өз келісімімізді бердік. Мен сізден осы жатақхананың жағдайын жеке қадағалауыңызға алуы-ңызды өтінемін.

- Біріншіден, бірден айтайын, егер біреулер қысым көрсетіп жатса, оны анықтаймыз. Мен ол жатақхананың жағдайын өз көзіммен көргенмін. Тапсырма бергенмін. Тіпті, менің айтқандарыма да құлақ аспай жатса, онда қосымша шаралар қолданамыз, - деп аймақ басшысы бұл істі мұқият тексеріп, қорытындысын тікелей өзіне баяндауды облыстық сот алқасының төрағасына тапсырды.

- 2007 жылғы мүлікті жариялау кезінде менің жаңа салынған үйімнің аумағының біраз жерін көршім сот арқылы өзіне қаратып алған. Жер бөліміндегілер маған сотқа арызданыңыз дейді. Мен жағдайы жоқ, же-сір адаммын. Қорғаушы жалдаудың өзі 50 мың теңге тұрады екен. Енді не істеймін?, - деген арызын айтты Зәуре Темірғалиева.

Облыс Әкімі оған жиын біткеннен кейін облыс прокурорының міндетін атқарушы Болат Шеликеновке жолығуға кеңес берді.

Бұдан кейін баспана сұраған көпбалалы ана Индира Нүкенова жағдайын айтты. Қазірдің өзінде тұратын жылы үйі жоқ. Екі баласы мүгедек екен. Ол арызын тікелей аймақ басшысының қолына тапсырды.

- Биыл Семейде екі үй пайдалануға беріледі, бес үйдің құрылысы басталады, - деді облыс Әкімі. - Бірақ, үйлер заң аясында беріледі. Кезекке тұру керек. Әкімшілік жанынан құрылған арнайы комиссия бар. Тұрғын үй мәселесін солар шешеді. Қала әкімі Айбек Кәрімов ертең таңертең сізді қабылдайды.

Келесі кезекте зейнетақы қорына деп ақша ұсталынғанымен, алынған қаражат қорға аударылмайтындығын, оның үстіне мамыр айынан бері жалақыларын ала алмай отырғандарын, экологиялық төлемақыларының дұрыс төленбейтіндігін айтқан ЖЭО-1 мамандарының өтінішін анықтауды аймақ басшысы облыс орталы-ғынан келіп отырған салық департаментінің басшысына тапсырды.

Бұдан кейін «Азамат» жекеменшік пәтер иесі кооперативі өкілдерінің тілектерін тың-дап, «зейнетақыға экологиялық төлем қо-сыла ма, Семейде жаңа мешіт қашан салынады?» деген сияқты тұрғындар сауалдарына облыс Әкімі тиянақты жауаптар қайтарды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив