KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Мектеп құрылысы аяқталмай жатып төбесі құлаған

13.08.2012, 18:00 159


Қаланың ЖМК ықшамауданында салынып жатқан 800 орындық кәсіптік-техникалық мектептің аумағы 300 шаршы метр болатын темірбетонды төбе жабындысы ғимарат құрылысы аяқталмай жатып құлап қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құрылысты сапасыз жүргізген «Загсервис» ЖШС-не 2 миллион теңге айыппұл салынып, қазір жауапсыз мердігердің ісі сотқа беріліп, лицензиясы қайтарылып алынғалы отыр.

Бүгінгі күні облыс аумағында коммерциялық тұрғыдағы нысандарды қоса есептегенде 250 құрылыс нысаны салынып жатыр. Салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасына бақылау жасап отырған облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс, бақылау және лицензиялау департаменті биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарына 250 рет жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жұмыстарында шалағайлық танытқан 257 тұлғаны әкімшілік жауап-кершілікке тартқан. Оларға жыл басынан бері жалпы құны 22,5 миллион теңгені құрайтын айыппұл салынған. 2011 жылы лицензиясын қайтарып алу үшін 21 материал сотқа берілген.

Өткен жылдың қазан айынан бастап республикалық Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс,
бақылау және лицензиялау департаменті болып қайта құрылған жаңа мекеменің басшысы Мәди Отарбаев БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында бүгінгі күні құрылысшы компаниялардың жұмысы жіті бақылауға алынып, оларға қатаң талап қойылып отырғандығын атап айтты.

– Департаменттің басты міндеті – аймақтағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылау жасау. Мемлекет басшысының өткен жылғы Жарлығы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс, бақылау және лицензиялау мәселелеріне қатысты жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі мен міндеттері тұтастай агенттікке берілді. Биылғы қаңтар айын-да «ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері» және «Лицензиялау туралы» Заңдарына енгізілген өз-герістерге байланысты құрылыс компанияларының құрылыс жүргізуге алатын лицензияларын беру талаптары күшейтіліп отыр. Лицензиялаудың бірнеше категориясы енгізіліп, әртүрлі күрделі құрылыстарды жүргізетін кәсіпорындарға қойылар шарт талаптары көбейтілді. Бірінші дәрежелі лицензияға ие болатын компания осы салада кемінде он жылдай уақыт жұмыс істеуі қажет. Орташа күрделі құрылысты жүргізетін кәсіпорын құрылыс нарығында бес жылдан астам уақыт қызмет көрсеткен болуы керек, – деді департамент басшысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив