KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

RADIO ALTAY жаңалықтары - 14 тамыз 2012 жыл

13.08.2012, 18:00 334


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскеменнің жібек маталар комбинаты ықшам ауданында салынып жатқан 800 орындық кәсіптік-техникалық мектептің аумағы 300 шаршы метр болатын темір бетонды төбе жабындысы ғимарат құрылысы аяқталмай жатып құлап қалған. Құрылысты сапасыз жүргізген «Загсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 миллион теңге айыппұл салынып, қазір жауапсыз мердігердің ісі сотқа беріліп, лицензиясы қайтарылып алынғалы отыр.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаменті бастығының орынбасары Аслан Қаржаубаев Жарма ауданына жұмыс сапарымен келді. «Жарма 2020» несие серіктестігінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ темір өнімдерін жасау, малды қолдан ұрықтандыру, жиһаз жасау, сүт қабылдау бағыттары бойынша жобалармен танысып, жұртшылықпен кездесу өткізді.

Глубокое ауданындағы тірек ауылдарының бірі Бобровка ауылындағы мектеп ұжымы аулаларына, қаша сыртына гүл отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта ауылда футбол алаңы салынып, саябақ жөндеуден өткізіліп, су құбырлары жаңартылмақ. Осы ауылдағы ескі мектеп ғимаратын балалар мен жасөспірімдерге арналған шаңғы тебу мектебі ретінде ашу мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр.

Катонқарағай ауданының Аққайнар ауылындағы екі қабатты мектепті «Лик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы салып жатыр. Қазіргі кезде ғимараттың шатыры жабылып, терезелері орнатылуда, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа барлығы 160-тай адам тартылған. Бүгінгі күнге дейін барлық жұмыстың 90 пайызға жуығы атқарылған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша футболдан жазғы чемпионаттың топтық бірінші кезеңі аяқталды. Өз тобында бірінші орын алған Катонқарағай ауданының футболшылары жарыстың екінші кезеңінде сынға түседі.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY


RADIO ALTAY жаңалықтары - 14 тамыз 2012 жылСәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Курчатов қаласында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс Ұлттық ядролық орталықтың атом энергия институтына радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдайтын автокөлік техникасын тапсырды. Бұл шара АҚШ энергетика министрлігі ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігі, Нидерланды Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылды.

Өскеменнің орталық алаңында Құрылысшылар күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты жиында өңірдің осы саласының дамуына үлес қосқан облыстың үздік құрылысшылары «Құрметті құрылысшы» төс белгісімен марапатталды.

Глубокое ауданы Черемшанка ауылында «Алтын бесік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Кеңес Омаров мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында бақшалар бақшасын ашып, 26 жаңа жұмыс орнын құрды. Бұл күндері балалар бақшасында 2-ден 4-жасқа дейінгі барлығы жиырма бала қамтылған. Оларға барлық жағдай жасалған.

Көкпекті ауданындағы «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестициялық жоба бойынша бір мың бас ірі қара малына лайықтап тауарлы-сүт фермасын ашу және 800 гектар суармалы алқапты игеру шараларын қарастыруда. Жалпы 50 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Жарма ауданы Шуақ кентіндегі ОВ 15621 әйелдер колониясының тігін цехында 30-дан астам әйел жұмыспен қамтылған. Бұл түзеу мекемесінде тігін цехынан басқа жазасын өтеушілердің сауатын ашуға бағытталған орта және кәсіптік-техникалық мектеп бар.

Өскемен қаласы жол полициясы басқармасы қарызы бар жүргізушілердің аты-жөндерін орталық көшелердегі баннерлерде жарияламақ болып отыр. Бұл тізімге 11,5 мың адам кірмекші. Жол тәртібін бұзған өскемендік жүргізушілердің жыл басынан бері қарызы-96 миллион теңге шамасында.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив