KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Гузель Манюрова - Олимпиаданың қола жүлдегері

9.08.2012, 18:00 106


Бүгін Лондон Олимпиадасында боз кілемге 72 келі салмақ санатында көтерілген палуанымыз Гузель Манюрова Олимпиада «қола» медалі үшін қытайлық Джиао Вангпен белдесіп, жеңіске жетті.

Гузель 1/8 финалда жапондық Кийоке Хамагучиді 10:2 есебімен ұтқан болатын. Ал ширек финалда ресейлік спортшы Наталья Воробьевадан таза ұтылып қалған еді. Дегенмен, ресейлік боз кілем шебері финалға шығып, сондықтан да біздің палуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Ал жұбаныш белдесуінде украиндық Катерина Бурмистрованы жүлде жолынан ығыстырған Гузель Олимпиада қоласы үшін өткен белдесуде қытайлық Джиао Вангтен басым түсті.

Саранск қаласында 1978 жылы дүниеге келген Г.Манюрова - бұрын Ресей намысын қорғаған белгілі спортшы. Көптеген жарыстарда атой салған, соның ішінде Еуропа чемпионы, Афиныда өткен 2004 жылғы олимпиаданың күміс жүлдегері, 2010 жылы Үндістанда еркін күрестен өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған, Азияның үш дүркін чемпионы. Лондон Олимпиадасының жолдамасын 2011 жылы Ыстамбұлда өткен Әлем чемпионатында ұтып алған болатын. 2010 жылдың 1 сәуірінен БҚО олимпиада резервтерін даярлау орталығында жаттығады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив