KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями Штиль
443.44 480.51 4.88

"Жастар" саябағында «Celtic Jam» шотланд билерінің ашық фестивалі өтеді

8.08.2012, 18:00 187


11 тамыз күні сағат 17.00-де «Жазғы мұражай» акциясы аясында «Жастар» саябағының этноауылында «Celtic Jam» атты шотланд және бретань ұлттарының ашық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш фестиваль Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

«Кельттер деген кімдер?» Неге шотландықтар шалбар кимейді? Неге Англия - Бретань, ал Франция провинциясы – Бритонь деп аталады? Горшокты қалай дұрыс соғу керек? Ирландықтар нелiктен жоңышқаны әспеттейдi, ал шотландықтар түйетiкенді? FestNoz деген не? - осы сұрақтардың барлығына жауапты «Жастар» саябағының би алаңында біле аласыздар!

Сонымен қоса, Сіздер ұйымдастырушылармен бірлесіп би билей аласыздар!

Өскемендік көне би клубы қала тұрғындары мен қала қонақтарын фестивальге қатысып, көңіл көтеруге шақырады.

Белсенді қатысушыларды сыйлықтар күтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив