KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

«Әлем алауы» Семейге келді

23.07.2012, 18:00 183


Қала жұрты тұңғыш рет «Әлемдік ырғақтағы жүгірушілер» эстафеталық жеңіл атлет спортшыларын қабылдады, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Әуелде Америкадан бастау алған алаулы эстафетаға әлемнің 140 елі, соның ішінде, міне, Қазақстан да қосылып отыр. Эстафета сәуір айында Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінен бастау алып Семейге де жетіпті. Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне 20 жыл толу құрметіне арналып отырған бұл эстафета әлемдегі ең ұзақ марафон болып саналады. Оның жалпы қашықтығы 70 000 шақырымды құрайды. Кез келген азамат қатыса алатын бұл бастаманың өзіне 25 жыл толып отыр. Еуразия аумағында эстафета батыс және шығыс бағыттарды қамтиды. Шығыс бөлікте Павлодар, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары бар.

Семейге келген жүгіруші қонақтар өздерінің әнұрандарын орындады. Олар кезінде Тереза ана, Далай-Лама, Нельсон Манделла, Елизавета ханша-йым, Михайл Горбачев ұстаған алауды семейлік балалардың да қолына ұстатты. Марафон шілденің соңына қарай Астанада өз межесіне жетеді деп жоспарланыпты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив