KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

RADIO ALTAY жаңалықтары - 24 шілде 2012 жыл

23.07.2012, 18:00 73


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY


Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Курчатов қаласының өнерпаздары облыс орталығындағы Этноауылда қала халқына өз өнерлерін көрсетті. Бұл игі бастама ауыл мен қала арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайта отырып, жазғы демалыстағы оқушыларды облыс орталығындағы құнды жәдігерлермен таныстыру бағытында өткізіліп келеді.

Шемонаиха ауданының «Белокаменское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы машина-трактор паркін екі «Беларус» тракторымен, тұқымсепкішпен, «Есіл» комбайнынымен және басқа да техникалармен толықтырды.

Семей қаласының жұртшылығы тұңғыш рет «Әлемдік ырғақтағы жүгірушілер» эстафеталық жеңіл атлет спортшыларын қабылдады. Әуелде Америкадан бастау алған алаулы эстафетаға әлемнің 140 елі, соның ішінде, міне, Қазақстан да қосылып отыр. Бұл марафон Астанада өз мересіне жетеді.

Ұлан ауданының әкімі Серік Түленбергенов Алмасай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде ауылындағы мәдениет үйі, ауыз су құбырының жағдайы, көшелерді жарықтандыру туралы сұрақтар көтерілді. Әкім осы мәселелерге байланысты алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстарды саралап айтып берді.

Бородулиха ауданындағы «Новая заря» шаруа қожалығының ұжымы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Михайличенково ауылындағы ішкі жолдарды, мәдениет үйінің спорт залын, стадионды жөндеді. Сондай-ақ олар су әкеліп, көшеттірді суаруға, қиыршық тас, құм мен саз тасуға техникасымен қоса жанар-жағар май бөліп тұрады.

Өткен жылы Катонқарағай ауданының орталығында ашылған саябақ аумағы таяуда аңдардың мүсіндерімен толықтырылды. Демалушыларды кіреберісте тасқа орнатылған қар барысы қарсы алады. Одан әріректе, ана сүйіспеншілігі мен нәзіктікті бейнелейтін марал мен оның лағы орнатылған.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



RADIO ALTAY жаңалықтары - 24 шілде 2012 жылСәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Зырян ауданы Северное ауылында тұратын Г.Дүйсекина «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 12 миллион теңге несие алды. Бұл қаражатқа құс өсіретін орынды дайындап, қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп орнатты. Қазіргі уақытта алты мың балапан әкеліп, өсіріп жатыр. 12 адамды жұмысқа тартты.

Күршім ауданында облыстық «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың экологиялық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – күршімдіктерді туған өлкені қоқыстан арылтып, таза ұстауға шақыру. Күршімдік жастар Ертіс жағалауындағы демалыс орнын қоқыстан тазартты.

Шемонаиха қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында «Шексіз қиял» атты көрме ашылды. Көрмеге гуманитарлық-техникалық колледж түлектері-жас дизайнерлердің үй макетінің жобалары, мәжіліс залдарының үлгілері және кескіндеме, қолөнер туындылары қойылған.

Тарбағатай ауданында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Шолақорда ауылындағы Б.Майлин атындағы орта метебінде игілікті іс-шара өткізілді. Мектеп түлектерінің демеушілігімен екі кабинетке заман талабына сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп ауласында қаза болған ауылдастарына арналған ескерткіш тақта орнатылды.

Жарма ауданындағы «Мейірім» спорт-сауықтыру демалыс орны жаз маусымында балалардың сүйікті мекеніне айналған. Қазіргі кезде бұл лагерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар демалуда.

Үржар ауданының Алакөл жағалауында дәстүрге айналған ерлер командалары арасында Социалистік Еңбек Ері Саякупов құрметіне арналған жағажай волейболынан ауданның ашық біріншілігі өтті. Жарыс қорытындысында Көлденең ауылдық округінің командасы бірінші орынды жеңіп алды.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив