KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

RADIO ALTAY жаңалықтары - 13 шілде 2012 жыл

12.07.2012, 18:00 184


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Биыл жылдағы дәстүр бойынша Өскеменде халықаралық бал фестивалі өткізіледі. Мұндай ауқымды шараға Ресей, Қытай, Германия және басқа да елдердің ғалымдары мен мамандары қатысады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмаса отырып, бал өндірудің және оның өнімдерін дайындаудың жаңа технологиясын енгізу жолында жұмыс істеп жатыр.

Глубокое ауданы Секисовка ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Секисовское» кен барлау кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі суқабылдағыш пен су құбыры желісінің құрылысын жүргізумен айналысуда. Қазіргі уақытта 28 миллион теңгенің қаржысы толық игерілген. Толық қуатына жеткенде ауылды су қорымен 1,5-2 есеге дейін қамтамасыз етуге болады.

Абай ауданында мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына, Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына орай жастардың бойында отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, шығармашылық ізденісті дамыту мақсатында «Біз -Қазақстан патриоттарымыз!» атты тақырыпта ауыл жастарының күндері өткізілуде. Байқау шарты бойынша әр ауылдың өнерпаз жастары белгіленген мерзімде аудан орталығына келіп, көңілді ән-би кешін ұйымдастыруы керек. Байқауды Кеңгірбай би ауылының жастары бастады.

Бородулиха ауданының орталығындағы Мәдениет үйінде аудан әкімі жоғарғы оқу орындарының түлектерімен кездесті. Биыл «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында 25 жас маман өздерінің еңбек жолын осы ауданда бастамақшы. Кездесуде олардың алға қойған мақсаттарына жетуі үшін алаңдамай жұмыс істеулеріне барлық жағдайлар жасалатыны айтылды.

Шемонаиха ауданында мамыр айында бастау алған «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» акциясы жалғасуда. Акцияның бірінші кезеңіндегі жоспарланған жұмыстарды іске асыру бағытында 11 еңбек жасағы жұмылдырылып, оған 79 адам қатысты. Олар өздеріне жүктелген тапсырмаларды толығымен орындап шықты.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY


Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

RADIO ALTAY жаңалықтары - 13 шілде 2012 жылШығыс Қазақстан облысы инновацялық жобалардың көлемі және оны іске асыру жөнінен елімізде бірінші орында тұр. Бұл облыстың индустриялдық-инновациялық даму жөнінен ең белсенді аймақ екендігін айқын көрсетеді. Биыл облыста 154 миллиард теңгенің 21 жобасын жүзеге асыру жоспарланса, қазірдің өзінде оның біреуі-Өскемен құс фабрикасын жаңғыртып, қуатын арттыру жобасы іске асты.

Глубокое ауданы Бобровка ауылындағы «Бобровка плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қырықбаев» шаруа қожалығында салынып жатқан сүт фермасы қораларының еуропалық стандартқа сай құрылысы аяқталуға таяп қалыпты. Бірінші тамызда жабдықтарды монтаждау жұмыстарын бастайды. Мұндағы малды күтіп баптау жұмыстардың барлығы автоматты жүйе бойынша басқарылып, іс барысын компьютер арқылы операторлар қадағалап отырады. Жұмысты арнайы бағдарлама бойынша роботтар атқарады.

Үржар ауданының тұрғындары омарта шаруашылығын дамытуға бет бұра бастады. Қазіргі уақытта 125 адам ара өсірумен айналысуда. Олар омартасын күтіп-баптап ұстап әрі ара балын арнайы ыдыстарға құйып сатумен тұрақты айналысуда. Ал ара ұясының саны 3700-ге таяп қалған. Сондай-ақ осы салада өз жұмыстарын бастауға ынталы жергілікті тұрғындар арнайы курстарда оқуды немесе тәжірибелі омарташылардан үйренуді көздеп отыр.

«Өскемен құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары Күршім ауданының орталығындағы 20 жылдан астам уақыт бойы бос тұрған кәсіптік-техникалық училище жатақханасының ғимаратын жөндеу жұмыстарына кірісті. 64 пәтерлік тұрғын үйге лайықталып жөнделіп, су құбыры, жылыту жүйесі тартылады.

«Өскемен-Алматы» тас жолы бойында ішінде 16 жолаушы отырған автобус пен «Ауди» көлігі соқтығысып, соның салдарынан төрт адам алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Тағы осы жолдың бойында көлік апатынан төрт адам қаза тапты.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив