KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да тілсіз жаудан тіл тартпай кеткендер көп

10.07.2012, 18:00 180


Биылғы жарты жылда облыс аумағында барлығы 931 өрт оқиғасы орын алса, адамдардың отты дұрыс пайдаланбауынан 363 төтенше жағдай тіркелген. Олардың көбісі қыс және жаз мезгілдерінде, сондай-ақ жеке тұрғын үйлерде болған, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Мамандардың айтуынша, жеке тұрғын үйлерде 640 өрт оқиғасы анықталса, жаз уақытында күннің қатты ысып кетуіне байланысты орман мен далаларда 140 төтенше жағдай туған. Автокөліктердің отқа орануы да азаймай тұр биыл. Олардың саны жүзге жетіп жығылады. Бұған қоса электр құрылғыларын, тұрмыстық жабдықтарды дұрыс қолданбау салдарынан, балалардың ойынынан шыққан өрт фактілері тағы бар.

Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өрт оқиғалары ағымдағы жылы екі пайызға азайғанымен, тілсіз жаудың кесірінен тіл тартпай кеткендер қатары керісінше, 40 пайызға өскен. Дәлірек айтсақ, 50 адам көз жұмған, олардың 30-ы мас күйіндегі адамдар.

Алғашқы жартыжылдық көрсеткіші бойынша қызыл жалыннан келген материалдық шығынның көлемі 253 миллион теңгені құрап отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив