KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями Штиль
450.79 482.21 5.05

Алтайлық өнерпаздарды алқалап аттандырды

30.06.2012, 18:00 82


Зайсан ауданында ат басын байлаған Қытай елінің Алтай аймақтық ән-би үйірмесінің шығармашылық ұжымы көпшілікті өз өнерлерімен тәнті етті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Оларды Алтай аймақтық партия комитеті хатшысының орынбасары Ыразбек Хамза бастап келді. Бұл күні мәдениет үйінің сахнасында өнерпаз қандастарымыз әсем әндерімен, тамаша билерімен көрерменнің жүрегін баурап алды.

– Бұл сапардың мақсаты – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайта түсу, ұлттық өнерімізді дәріптеу. Сондай-ақ, атажұртына оралған қандастарымыздың хал-жағдайымен танысу, – дейді шығармашылық топтың өкілі Ербақыт Қали.

Концерт соңында құрметті қонақтардың иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, аудан әкімінің Алғыс хаты мен қасиетті қара домбыра тарту етілді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив