KZ
Өскемен
+32°
переменная облачность жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Семейдегі Абай атындағы театр Қытайға гастрольдік сапармен барады

13.05.2012, 18:00 250


Мамыр айының соңында Абай атындағы музыка-драма театры "Бір түп алма ағашы" атты спектаклімен Қытай Халық Республикасының Алтай және Үрімші қалаларына гастрольдік сапармен барады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Гастрольдік сапардың мақсаты - екі ел арасындағы мәдениет мен өнер саласын нығайту. Осындай игі бастамалар Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар мырзаның ұсынысы және тікелей тапсырмасы еді. Абай музыка театры Қытай халқының әдебиеті мен мәдениетін байланыстыру мақсатында игі істерді жандандырып, нығайта түспек.

Бүгінгі таңда театр өнері қос мемлекеттің арасындағы алтын көпір рөлін атқаруда.

Облыстық мәдениет басқармасының қызу қолдауына ие болған театр тарландары өз өнерлерін Алтай және Үрімші қалаларының тұрғындарына ұсынатын болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив