KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Риддерде дүниеге келген Владиславтың үйінде енді домбыра ілініп тұрады

2.07.2018, 11:11 179

Ұлттық домбыра күні Риддер қаласында да кең ауқымда аталып өтті. Мерекеге орай «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» атты акция өткізіліп, сол күні дүние есігін ашқан нәрестелерге ұлттық аспап сыйға тарту етілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мұндай тартуға ие болған жандардың бірі  - риддерлік Шевелековтар отбасы. Дүниеге келген Владислав есімді сәби мен анасы Надеждаға  қала әкімдігінің өкілдері жылы лебізін білдіріп, қазақ халқының ұлттық құндылығы – домбыраны  достықпен татулықтың белгісі ретінде тарту етті.


-Домбыра  – қазақ халқының адал серігі, ол тек музыкалық аспап  емес, мәдени-тарихи мұраның бір бөлігі, оны құрмет тұту кейінгі ұрпаққа парыз, - деп атап өтті     қала әкімінің орынбасары Данияр Дюсембаев.


Ұлттық мерекеде дүниеге келген сәбидің анасы мұндай сыйлық тарту еткен аудан әкімдігіне алғысын айтып, қасиетті аспапқа үйінің төрінен орын беруге уәде етті.


Ұлттық домбыра күніне орай қала әкімдігі облыс орталығының «Алтай» домбыра ансамблін қонаққа шақырып, олар риддерліктер үшін тамаша кеш өткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив