KZ
Өскемен
+32°
переменная облачность жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Ауылдағы мәдениет үйінің сахнасында қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгісі көрсетілді

25.03.2013, 18:00 273


Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылының Мәдениет үйі сахнасында қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгісі көрсетілді. «Түлкі тымақ, қос етек, зерлі шапан» атты музыкалық-этнографиялық концерт барысында жергілікті тұрғындар халқымыздың әр жас шамасына орай ерекшелеп тіккен әсем киімдерін жұртшылық назарына ұсынды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты ұлттық болмысымыздың арқауын ел ішінде қайта жарқырата көрсету және қазақтың ұлттық киімдерін насихаттау екен.

Ауылдағы мәдениет үйінің сахнасында қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгісі көрсетілді
Ең алдымен қазақтың ата мен әже киімінде Амантай Қалимолдин мен Роза Какимова айыр қалпақ, зерлі шапан, қарқарадай кимешек, қос немересі Нұржан мен Тоғжанды үкілерін тағындырып, садақтарын асындырып шығарса, қазақтың ақыл тоқтатқан ерлері мен бәйбішелері, ер мен әйел киімі үлгісін көрсеткен Нұрбол Садуақасов пен Гауhар Аралханова көрерменге тың үлгі ұсынды. Қалыңдық пен күйеу жігіттің жасанып шыққандағы әдемі көрінісінде Елубаев Бауыржан мен Ақерке Мәденованың киімі ерекше болса, қазақ келіншектерінің киім үлгісін көрсеткен Индира Мамытова, бұлғақтаған бозбала мен бойжеткен киім үлгісін Жанасыл Дәуренұлы мен Жанерке Мұратова көрсетті. Ал үйдегі қыз бен ұлдың ұлттық бейнедегі киімін киіп шыққан Шырай Ержанова, Ұлан Адамбеков ұлттық киімдердің сәнін асырды.

Осылайша сахнада ұлттық киім дәстүрі айшықталып, кеш соңы аудандық мәдениет үйі өнер ұжымы әзірлеген концертке ұласты.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив