KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

RADIO ALTAY жаңалықтары - 26 маусым 2012 жыл

25.06.2012, 18:00 137


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Күршім ауданындағы тірек ауылдарының бірі-Теректі ауылында ауыл шаруашылық саласын дамыту бойынша үш жоба 30 милионнан астам теңгеге жоспарланып, 19 жұмыс орны ашылады. Ірі жобалардың бірі - сүт өңдеу цехын ашу жобасы Жалпы құны 16,2 млн. теңгені құрайтын цех қараша айында ашылады деп жоспарлануда. «Гүлназым» шаруа қожалығы кіші құс фермасын құрып, 12 жұмыс орнын ашуды көздеген.

Шемонайха ауданындағы «Камышинское» шаруа қожалығының ұжымы жылына 11,5 мың тонна сүт өндіруде. Әр сауын сиырдан 6200 литр сүт сауылады. Өткен жылы шаруа қожалығына сүт үшін 350 миллион теңге субсидия берілген. Соңғы үш жыл көлемінде 900 миллион теңгенің техникасы сатып алынған. Мұндағы қарапайым сауыншы орта есеппен айына 120 мың теңге алатын болса, механизаторлардың айлығы-200 мың теңге.

Өскемендегі Ертістің сол жағалауында бой көтеріп келе жатқан жаңа мешіттің құрылысына студенттер де атсалысуда. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері таңның ертесінен құрылыс алаңына жұмыс істеп жатыр. Мақсат – имандылық үйінің құрылысына теңізге тамған тамшыдай болсын үлес қосу.

Бородулиха ауылдық округінде «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты республикалық марафон-акциясының бірінші кезеңінде Жеңіс саябағы абаттандырылып, 28 гүлзар және 20 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Барлық көшелерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Демалыс орындары арам шөптерден арылтылды.

Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары жазғы демалысын Шығыс өңірінде өткізді. Олар Алтай Альпісі демалыс базасында, Ақбауыр тарихи-мәдени ескерткішінде, облыс орталығындағы этноауыл және бірқатар өндіріс орындарында, мұражайларда болып қайтты.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив