KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Жас саяхатшылар орманда тынықты

11.06.2012, 18:00 135


Бесқарағай ауданындағы мүмкіндігі шектеулі 30 бала «Біз – Қазақстанның балаларымыз. Біз осы әлемде өмір сүреміз!» атты экскурсия аясында Семей қаласында болып қайтты.

Онда олар Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерінің өлкетану мұражайын тамашалады. XVI-XIX ғасырдағы отандық және еуропалық суретшілердің жұмыстарымен, сондай-ақ, қазіргі заман суретшілерінің туындыларымен танысты.

Бұған қоса қаладағы биологиялық орталықта болып, ел аумағын мекендейтін және экзотикалық жан-жануарларды көрген жас саяхатшылар еліміздің Қарулы Күштері әскери техникасының мұражайын да аралады. Ең соңында «Развлекайка» балалар орталығында болды. Қайтар жолда олар әлеуметтік қызметкерлермен бірге табиғи материалдарды дайындап, орманда тынықты.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив