KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Ораза айт мерекесінде жаңа мешіт ашылады

10.06.2012, 18:00 110


Иісі мұсылман жұртында мешіт салу аса сауапты іске саналады. Адамның тіршілікте жасаған ізгі істері мен амал-құлшылықтарына қарай Жаратушыдан алатын сауабы кеудесінен шыбын жаны шыққан сәттен бас-тап тоқтайтын болса, мешіт салдырған мүміндердікі өмірден өткеннен кейін де жалғаса береді...

Хақ дін – исламда мешіт салу туралы осылай делінген. Сондықтан да болар жүрегінде иманы ұйыған, бес күндік дүниенің байлығын игі амал-сауаптардың жолында тәрк еткен мұсылман баласы шамасы келсе, мешіт тұрғызуға асығып тұрады. Өкінішке қарай, мұндай тақуалық біздің пешенемізге жазылмаған сияқты.

Өйтпегенде облыс орталығы – Өскеменде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысын үш жыл бойы сағыздай созбай, баяғыда-ақ тәмамдап тастар едік қой. Жұрт болып жұмылсақ, ғимарат соғу деген не тәйірі. Әттең, соған мойын жар бермейді ғой. Етіміз әбден үйреніп кеткен, жоғарыдан тапсырма берілмесе, өз бетімізбен қимылдамаймыз. Мұнда да солай. Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев іске араласпағанда жамағаттың төзімін тауысқан құрылыс таяу болашақта аяқтала қоймас па еді, кім білсін?! Өткенде ғана Араб елінен ат терлетіп келген мәртебелі меймандармен бірге осы мешітті аралап көрген аймақ басшысы маусымның 8-і, яғни, қасиетті жұма күні тағы да Ертістің сол жағалауындағы құрылыс алаңында болды. Бұл жолы облыс Әкімі өңірдегі құрылыс компаниялары басшыларының, кәсіпкерлердің, қалталы азаматтардың, жоғары оқу орындары басшыларының және өзін мұсылман санайтын басқа да адамдардың басын құрап, азаматтық сөз айтты.

– Әр түрлі себептерге байланысты мешіт салу жұмыстары үш жылға созылып кетті. Әлі аяқтай алмай жатырмыз. Сондықтан осы шаруаны біз тамыз айының 20-сы – қасиетті Ораза айт мерекесіне орай бітіріп, қолданысқа беруіміз керек. Ол үшін ортақ іске бәріміз жұмыла кірісіп, шама-шарқынша қол ұшын берейік. Кім қандай мүмкіндігі бар, солай көмектессін, – деп атап өткен облыс Әкімі жиыннан соң өз атынан бір өгізді құрбандыққа шалды.
Айта кетейік, ірі қараның еті сол жердегі жұмыскерлерге ас-ауқат әзірлеуге жұмсалады.

Келешекте бұл бастаманы облыс басшысының орынбасарлары, қала әкімі, басқармалар басшылары және басқа да лауазым иелері жалғастырып, әр аптаның жұма күндерінде бір малдан құрбандыққа шалып отыруға келісті.

– Әкім бізге мешіт салып беруге міндетті емес. Соған қарамастан Бердібек Мәшбекұлы адамгершілік, азаматтық қасиеттерді биік қойып, жамағаттың құлшылық ететін орны болса екен деген оймен осы құрылысқа араласып, оны тезірек бітіріп беру үшін баршамызды жұмылдырып отыр. Әрбір мұсылман
арлы-берлі өткенде мешітіміз қасқайып тұрса, «бұл зәулім ғимараттың бір кірпішін мен де қаласқан едім» деген ойда қалса, қандай жақсы. Олай болса, осы сауапты іске жүрегінде иманы бар бәріміз атсалысайық! – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Нұрлан қажы Асанов.

Мешітке барлығы 800 миллион теңгедей қаражат жұмсалмақ, мұның 300 миллион теңгесін Араб елінің өкілдері беріп отыр. Ал қалған соманың негізгі бөлігін құрылысшылар және жол жөндеуші компаниялар шығарған.

Сондай-ақ, қалталы азаматтардың қосқан аз-маз ақшасы бар. Бірақ, әлі де жеткіліксіз, сол себепті облыс Әкімі құры-лыс компанияларына, кәсіпорындарға, мекемелерге, жалпы мұсылман қауымды жұмыс күші жағынан көмектесуге шақыр-ды. Арнайы түзілген кестеге сәйкес, олар он күннен тегін жұмыс істемек. Ал құрылыстың қарқынды жүруін күнделікті қадағалап отыру «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірін-ші орынбасары Түсіпхан Түсіпбековке жүктелді.
Оған қоса өзінің бір күндік жалақысын мешіт салуға аударамын деушілерге де жол ашық. Қысқасы, кімнің қандай мүмкіндігі бар, соған қарай көмектескені жөн.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив