KZ
Өскемен
+15°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, Ю
443.16 480.39 4.94

ТМК-да таза пайда үш есе өсті

6.06.2012, 18:00 153


«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының ұжымы биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша таза пайданы үш есе өсіруге қол жеткізді.

Осы мерзім аралығында кіріс 1,627 млрд. теңгені құрады. Ал өткен жылдың салыстырмалы мерзіміндегі көрсеткіш 549 млн. теңге болатын.

Бұл кәсіпорын негізінен авиациялық және басқа да салаларға арналған жо-ғары сапалы кеуекті титан және магний өндірумен айналысады. Оның өнімдері тек қана экспортқа бағдарланған.

Кәсіпорын басшылығы өнім сапасын арттырып, оны халықаралық стандарттарға сай шығаруға, технологиялық үдерістерді жетілдіруге жете мән беріп келеді. Сондай-ақ, сертификаттау жүйелері енгізілген. Оған қоса еңбекті қорғау, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту бағытында нақ-тылы шаралар іске асырылуда. Соның нәтижесінде олар осындай табыстарға қол жеткізіп отыр. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ «Алтын сапа» сыйлығының «Индустриялдық серпін» аталымында Елбасы тағайындаған арнайы жүлденің лауреаты атанған болатын.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив