Алматыда түлектер көлік кортежін ұйымдастырған
polisia.kz
Кешеден бері әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзған кортеж видеосы тараған.
Видеодан бірінің артынан бірі ерген бес көлікте отырған оқушылар терезеден бастарын шығарып, көліктер тіпті қарсы жолаққа шығып кеткенін байқауға болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушыларын ұстады және барлық автокөліктер арнайы тұраққа тоғытылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін ІІМ кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен туыстарына оқу жылы кезінде және одан кейін заңнаманы қатаң сақтау, сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеу жасаған болатын.