KZ
Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
514.93 536.04 5.18

ШҚО Прокуратурасы денсаулық сақтау саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады

ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі

25.05.2024, 16:00 138 Назерке Каримова

Прокуратуралық тексерулер нәтижесінде халыққа сапасыз медкөмек көрсету, тегін дәрі-дәрмекті бермеу, дәріні қымбат бағамен сату сынды фактілерді анықтаған.

ШҚО Прокуратурасы облыстың қала, аудандарындағы әкімдіктер мен денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен алқа отырысын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға және жалпы ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған елеулі шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, соңғы 3 жылда облыста денсаулық сақтау саласын қаржыландыруы, медициналық нысандар салынып, мамандардың біліктілігі ұлғайып, қажетті медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда.

– Дегенмен, проблемалар бар. Прокуратураның тексерулері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеу, медициналық қызметтердің сапасыздығы, скрининг жүргізбеу, дәрілік заттарды жалған беру, дәрілерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, жалған иммундау фактілері және т.б. бұзушылықтарды анықтады, – деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі. – Онкологиялық аурулар мен туберкулездің алдын алу мәселелері облыс үшін проблемалық күйінде қалып отыр.


Отырыс барысында уәкілетті органдардың басшылары бұндай заң бұзушылықтардың себептерін атап, болашақта алдын алу бойынша қандай шара қабылданғандығын түсіндірді.

Облыс прокуроры ведомстволық бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу