KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ҰБТ талапкердің білімін емес, оның жаттампаздығын дамытпай ма?..

5.06.2012, 18:00 138



Талапкерлердің білімін сынға салатын ұлттық бірыңғай тестілеу де мәреге жетті. «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» дегендей, әрине, орта мектепте тиянақты білім алғандардың жеңіп шығатыны анық.

Бақ та, бап та қатар шабатын бұл аламанның нәтижесі де әртүрлі болады. Айтайық дегеніміз: мектеп бітірген оқушылардың жоғары оқу орнына түскеннен кейінгі жағдайы. Алғашқы кезде білімі орта студенттердің кейінірек жақсы үлгерім көрсетуі де ұшырасып жататыны бар. Алайда, бұл – сирек кездесетін құбылыс. Нақ осыдан келіп, орта мектеп пен жоғары мектеп арасындағы бұлжымас сабақтастық мәселесі туындайды. Оның басты талаптары орта мектепте білім беру жүйесін жетілдіру және жоғары оқу орындарына білімі төмен жастардың қабылдануына жол бермеу мәселелеріне келіп ұштасады.

Өз басым өткен жылы ұлттық тестілеуде жоғары бал жинап, оқуға қабылданған студенттердің біразы қысқы емтиханды тапсыра алмай қалғанын естідім. Бұл – ойландыратын жай. Бұдан тестілеу әдісі бойынша қабылдау нәтижесінде студенттер қатарына білім деңгейлері төмен талапкерлердің қабылданғанын көруге болады. Міне, талапкерлердің білім деңгейлерін анықтауда тестілеу әдісінің тиімділігіне күмән келтіру осыдан туындайды. Сондықтан, ұстаз ретінде бұл мәселеге қатысты өз көзқарасымды айтқым келеді. Кейде орта мектепті үздік аттестатпен бітірген балалар неге екені белгісіз, жоғары оқу орнының грантын ала алмайды. Немесе, оқуға түссе де, аралық емтиханды тапсыра алмай жатады. Ал ақылы бөлімдегі студенттердің ішінде жақсы нәтижемен оқитындар да бар. Оларды неге жаңағы грантқа түсіп, оқи алмай жүрген студенттермен ауыстырмасқа?

Ертеректе тест сұрақтары мен оның дұрыс жауаптарын алдын ала жария ету қалыптасты. «Мұның өзі талапкердің білім дәрежесін емес, оның жаттампаздығын дамытпай ма?» деген күдік туады. Тестілеу жүйесі талапкердің бетпе-бет пікірлесу, өз ойын жеткізу қабілетін күрт төмендеткендігі белгілі.
Грант – мемлекеттік тегін оқу немесе мемлекеттік жеңілдік. Ал осы орайда айта кететін тағы бір мәселе: несие алып, оқып жатқандардың да, грантпен оқып жатқандардың да болашағын ойластыру керек. Өйткені, қазір оқу бітіріп, бос жүргендердің қарасы көп.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив