KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Тірек мектептерінің мәселелеріне арналған семинар

4.08.2013, 18:00 230


Катонқарағай ауданындағы Қабдош Дамитов атындағы орта мектепте «Тірек мектебін (ресурстық орталық) ашу - ауылдық жерде білім беру сапасын көтеру мәселесін шешу жолы» атты аудандық семинар өтті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семинарға мектеп директорлары мен олардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп психологтары қатысып, ресурстық орталық құру жұмысының ерекшеліктерімен таныстырылды.

Бұл мектеп 2015 жылдан бастап ресурстық орталық болып құрылады. Оған магнитті мектептер ретінде аудандағы Жаңа Хайрузов, Көктерек, Балғын, Жұлдыз, Юбилейное орта мектептерінің оқушылары жылына үш рет сессияға келіп, білім алады, әрі аралық және қорытынды аттестаттау тапсыратын болады.

Тұрсынхан Базарбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив