KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскеменде мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

4.06.2012, 18:00 115


Кеше, мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері ант қабылдады.

Өңіріміздегі мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына орай салтанатты түрде ант қабылдап, еліміздің заңын сақтауға, адал еңбек етуге сөз берді.

Өскемен қаласындағы «Қазақстан» деген жазуы бар Абылай шыңында 8 мемлекеттік қызметкер ант қабылдады. Олардың қатарында облыс әкімі аппаратының, Глубокое ауданы, Өскемен және Риддер қаласы әкімдері аппаратының, Әділет департаментінің және прокуратура органдарының мамандары болды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив