KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Мемлекеттік қызметшілерге куәлік тапсырды

22.08.2012, 18:00 132


Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Өскемендегі іссапары аясында осы ғашықтар аллеясына да арнайы ат шалдырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кіршіксіз махаббаттың құрметіне қойылған түрлі мүсіндер мұнда келген әрбір адамды ешқашан да бейжай қалдырмақ емес. Ғашықтар аллеясы алдағы уақытта да түрлі өнер туындыларымен толығып, өскемендіктердің сүйікті орнына айналатынына сенім мол.

Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Абылай шыңына» көтерілді. Мұнда мемлекеттік қызметшілердің қатарына қосылғалы тұрған азаматтар мен азаматшалар салтанатты түрде ант қабылдады. Тәуелсіз еліміздің гүлденуі, іргесінің беріктігі осынау жастардың жаңа жетістіктерге ұмтылуы арқылы жүзеге аспақ. Мемлекеттік қызметшілердің қатарына қабылданған 13 қыз бен жігітке куәлікті Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өзі табыс етті.

– Мемлекеттік қызметші болу – бұл өте жауапты іс. Әр мемлекеттік қызметкер өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызметшінің беделінің жоғары болуы – мемлекеттің абыройы, – деген Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед қазіргі күні елімізде көпте-ген мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқанын, бұл мемлекеттік қыз-меткерлердің қызмет көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айта келіп, жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарына сәт сапар тіледі.

Иә, «Абылай шыңында» жүрегін қолына ұстап тұрып ант берген жас мемлекеттік қызметшілердің қуанышында шек жоқ. Олар өздеріне жүктелген жауапкершілік пен артылған сенімнің салмағын жақсы сезінеді. Енді олар егемен еліміздің еңсесінің биік болуы жолында аянбай тер төкпек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив