KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Семейдегі үздік тәрбиеші-мұғалім атанды

4.06.2012, 18:00 106


Семейде 3-5 жас аралығындағы балаларға арналған шағын орталықтар бірнешеу. Сондай орталықтың бірі – №23 мектепте.

– Балалар, үйде отырғаннан гөрі осындай шағын орта топтарына келіп, тәрбие алып, жан-жақты дамыса, болашақта үлкен жетістіктерге ие болады, – дейді тәрбиеші-ұстаз Сәния Зиятова.

Сәния Зиятова – М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің түлегі. Қазіргі уақытта «Зерек бала» бағдарламасы бойынша еңбек етуде. Мұнда білім беру саласының бес сатысы қамтылған. Мәселен, «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» деп аталатын жүйелер бойынша балалар жан-жақты дамиды. Осы бағдарламалар негізінде жас ұстаз Сәния Дәулетқазықызы қала бойынша үздік тәрбиеші-мұғалім атанды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив