KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Мақпал Жүнісова қолды болған гауһар сақиналарын тапқан адамға сыйақы әзірлеп қойыпты

3.06.2012, 18:00 203


Қазақстан Республикасының халық әртісі Мақпал Жүнісованың екі бірдей гауһартасы бар бағалы сақиналары қолды болған.

«Оның қымбаттығы ақшасында емес, сыйға тартылғандығында» дейді әнші. Лағыл және меруерт тастарымен көмкерілген екі жүзік Өскемен қаласындағы концерттен кейін жоқ болған.

– Сақиналарымды екі қызға әмияныма салыңдар, – деп сеніп тапсырған әнші, біреуге жала жабудан аулақпын, бірақ мәселенің ақиқатына жеткім келеді дейді.

– Біреуді сотқа беріп, алқымынан алайын деп жатқаным жоқ, тек кім ұрлағанын білсем болғаны. Ол адам кешірім сұрап келсе, кешіруге де дайынмын, – дейді әнші.

Шамамен он жыл бұрын сыйға тартылған меруерті бар, бриллиантпен көмкерілген бір ғана сақинаны Мақпал Жүнісова шамамен кем дегенде 5000 долларға бағалап отыр. Мәселенің анық-қанығын ғана білгісі келетін әнші жүзіктерді тапқан немесе оның кім қолды қылғанын айтқан адамға, тіпті, сыйақы да әзірлеп қойыпты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив