KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Өскеменде 73 түлек «Алтын белгіге» үміткер

31.05.2012, 18:00 94


Өскеменнің 47 мектебіндегі 1500-ге жуық түлегі бүгін және 3 маусым күндері ҰБТ тапсырады. Екі күн бойы қаланың жетекші жоғарғы оқу орындары - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Д.Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университеті күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қалалық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, қалада 29 458 оқушы бар, соның 1825-і - түлектер. Түлектердің жалпы санының 80 пайызы ҰБТ, қалғандары - емтихан тапсырады. «Алтын белгіге» үміткер 73 түлек бар.

Білім беру басқармасынан биылғы жылы алғаш рет тестілеу жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оған өткізу кезінде металл іздегіш және тестілеу кезіндегі ұялы телефондардың дыбысын басатын құралдар қолданылады. Мұндай құралдар ҰБТ-2012 тапсыру орталықтарының барлығында қолданылады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив