KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

Ұлықбек Есдәулет Л.Толстой атындағы медальды кеудесіне тақты

29.05.2012, 18:00 196


Жуықта Қазақстан мен Ресейдің бірлескен қоғамдық кеңесі біздің елдің бірқатар ақын-жазушыларына Ресей Федерациясының қоғамдық наградаларын табыс етті.

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің келісімімен және «Литературная газета» мен «Дружба народов» журналының мониторингі негізінде жүзеге асқан бұл шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған-ды. Екі елдің танымал қайраткерлері төрелік еткен кеңестің шешімі бойынша қазақтың бірнеше жазушысы Лев Толстой атындағы медальды кеудесіне тақты. Оның ішінде жерлесіміз, белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет те бар. Әріптесімізді табысымен құттықтап, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив