KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

Айтуған «Ауыл мектебінің үздік оқушысы» атанды

3.05.2012, 18:00 156


Абай атындағы орта мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Айтуған Қадырбеков оқушылар арасында өткен аудандық және облыстық пәндер олимпиадасына қатысып, тиісінше бірінші және үшінші орындарды жеңіп алған-ды. Енді міне тағы да жүлделі болып отыр.

Дәлірек айтсақ, елімізге белгілі республикалық «Дарын» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өткен пәндер олимпиадасында біздің облыс атынан сынға түскен Айтуған «жүзден жүйріктер» бақ сынаған дүбірлі білім додасында қола медальды кеудесіне тақты. Білім және ғылым министрінің дипломымен марапатталды. Сонымен қатар ол өзінің білімін республика көлемінде дәлелдеп, Білім және ғылым министрлігінің «Ауыл мектебінің үздік оқушысы – 2012» аталымына ие болды.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив