KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

RADIO ALTAY жаңалықтары - 21 мамыр 2012 жыл

20.05.2012, 18:00 143


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Көкпекті ауданында биыл алғаш рет ауылдық округ әкімдерінің жұмыстарын қорытындылайтын рейтингтік көрсеткіштер талабы жасалған болатын. Жыл басынан бері рейтинг бойынша Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ жеңімпаз деп танылды.

Семей қаласының жолдарын жөндеумен биылғы жылы «Гордорстрой» мекемесі мен «Семей жолдары» кәсіпорны айналысатын болады. Бүгінде 15 көше жөндеуден өтті. Жұмыс жоспарына сәйкес алдағы уақытта Қабанбай батыр, Әсет Найманбаев көшелері жөндеуден өткізілмек.

Биыл наурыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысының Алтай өлкесіндегі күндері аясында Алтай мемлекеттік техникалық университетінде Қазақ мәдени орталығы ашылған болатын. Өскемен мен Барнаул бауырлас қалалар атанған. Сол шараның нәтижесі ретінде Өскемендеі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ресей ғылымы мен мәдениетінің орталығы ашылды

Тарбағатай аудандық мәдениет үйінде танымал ай-тыс ақыны Аслан Ғафуровтың «Толағай» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Оқырмандар ақынның кітабынан оның әдеби дүние-танымын, адами шындығын, туған жерге деген сағынышын танып, білді. Асланмен жүздесуге келген үлкенді-кішілі оқырман кітап туралы өз пікірлерін білдірді.

Израильде өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралған Руфина Кәрібаеваны Өскемендегі сұлулық салонының иесі Алексей Родионов өз қамқорлығына алды. Ол әжесінің тәрбиесіндегі талантты өнерпаз жайлы естіп, оған демеушілік жасағанды жөн көріпті.

Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің сақшылары электр қармақпен балық аулаған екі браконьерді қолға түсірді. Олардан 54 келі балық, металл қораптар мен моторлы қайық алынды. Браконьерлер екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив