KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Жолдар жөндеуден өткізіліп жатыр

19.05.2012, 18:00 97



Семей қаласының жолдарын жөндеумен биылғы жылы «Гордорстрой» мекемесі мен «Семей жолдары» кәсіпорны айналысатын болады.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мәліметіне сенсек, «Семей жолдары» мекемесі орташа жөндеу жұмыстарын жүргізсе, «Гордорстрой» шұңқырларды бітеп, тегістеуді қолға алмақ. Бүгінде Абай, Интернациональная, Бауыржан Момышұлы сынды 15 көше жөндеуден өтті. Құрылысшылардың айтуынша, күн жылыда жұмыс өнімді жүреді, ал түнге қарай ауа температурасы төмендейтіндіктен шаруаны тежеуге тура келеді екен. Сондықтан қала тұрғындары күндіз болып жатқан жол жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарағандары жөн.

Жұмыс жоспарына сәйкес алдағы уақытта Қабанбай батыр, Ә.Найманбаев көшелері жөндеуден өткізілмек.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив