KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 5 м/с, С
441.66 475.14 4.86

«Қара көздерді» кім орындайды?

17.05.2012, 18:00 133


– Осыдан бірнеше жыл бұрын ТМД елдерінде нағыз хит болған «Черные глаза» әні біздің Қазақстан жастарының да біразының сүйіп тыңдайтын әніне айналған болатын. Тойларда жиі орындалып келген сол әнді кім орындайды? Қай ұлттың өкілі?

Ержан Қанат, Өскемен.

– Ғаламтордағы деректерде бұл әннің орындаушысы 1990 жылы туған балғын әнші екені айтылады. 2005 жылы Ресейде, бірте-бірте бүкіл ТМД аумағында ең таңдаулы хитке айналған «Чер-ные глаза» әнінің орындаушысы Адыгей Республикасының он бес жасар балғын әншісі Айдамир Мугу екен. Ресейлік эстраданың таптаурын сүрлеуін бұзып, шағын ұлттар өнерінің биікке көтеріліп, танымал болуына өз үлесін қосқан Айдамирдің әні шынында да 2005 жылдың теңдесі жоқ хиті атанды. Әншінің өз сұхбатында айтқанындай, бұл әнді оған досы, Адыгей мемлекеттік өнер институтының түлегі, аккордеоншы Аслан Тлебзу жазып берген екен. Дәстүрлі адыгей халықтық стиліндегі «Черные глаза» әні өзіндік жылылығымен, жеңілдігі-мен көпшілікті баурап алған. Ойда- жоқта танымал болған жас әнші осы әннен кейін де орыс, адыгей тілдерінде тағы біраз әндерін жарыққа шығарды. Былтыр әншінің тұңғыш бейнебаяны жарық көрген.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив