KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Ерке Есмахан айтатын "Қайда?" әнін ШҚО-дағы 9-сынып оқушысы жазған

15.08.2018, 04:32 148

Ютубтан 35 мллион адам көріп тамашалаған Ерке Есмаханның орындауындағы «Қайда?» әні жастардың арасында хитқа айналған. Алайда, көпшілігіміз осы әннің авторы үржарлық Диана Исмаилова екенін біле бермейміз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бүгінгі күні Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын аяқтап отырған «Негры» эстрадалық тобының әншісі, жас композитор Диана Исмаилова «Қайда?» әнін сөзімен қоса  9 сынып оқып жүген кезінде Үржарда жазған. Кейін мектепті тәмамдап, Алматыға келген соң ол туындысын қайыра қолға алып, аранжировкасын жасай бастаған. Осы кезде аталмыш ән  әлдекімдер арқылы Ерке Есмаханның құлағына жетеді.  Ерке Есмахан репертуарына алып орындағысы келетінін айтып Дианаға хабарласыпты.


Диана екі-үш күн ойланып, қинала-қинала рұқсатын берген.


-Әннің кейбір шумақтарын ақын Қайнар Алагөзов жазып, тағы бірнеше қала аттарын қосты. Мен оған аса ренжи қоймадым. Өйткені, әннің барлық авторлық құқықтары менде сақталған,-дейді ол.



Ән эфирге кетіп, шырқала бастағаннан соң бір айдан кейін қырғыздар хабарласыпты. Қазір қырғыз әншісі Гүлназ Чыныбек қызы әнді өз тіліне аудартып, қырғызша айтып жүр. Ол жақта да жастардың сүйіп айтатын әніне айналған. Үржарлық Диана алдағы өмірін тек өнермен байланыстырып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив