KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Алмас Кішкенбаев мерекеде де демалмайды

26.03.2012, 18:00 119



Танымал әнші Алмас Кішкенбаев наурыз айында ойға алған істерінің біразын еңсеретін болды.

Біріншіден, еңбекқор әнші мереке күндерін үйде бос жатпай, шығармашылығын шыңдауға ұтымды пайдаланады. Алмас «Сәлем» атты жаңа әніне бейнебаян түсіреді. Көп ұзамай өзі бас-көз болып жүрген Classic тобына да 2 бейнебаян түсіруді жоспарлауда. Әрі продюсер, әрі әнші болып танылған Алмас Кішкенбаев бейнебаяндарға қанша қаражат кететінін құпия қалдырды. Келесі айдың ортасынан бастап, Алмас Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша жеке концерттік бағдарламасын өткізеді. Үш жылдан бері концерт қоймаған туған жері – Қызылорда қаласындағы көрермендерін бір қуантатын болды. Кесте бойынша, Шымкент, Тараз және басқа да қалаларға гастрольдік сапармен шығуға әзірленіп жатыр. Концерттік бағдарламада өзінің ең танымал «Алмас» атты күйтабағына енген әндерін орындайды. Таяу арада әншінің Ербол есімді бишісі «Запрещенные танцы» атты фильмде басты кейіпкерді сомдағаны белгілі. Ол, сөйтіп, Алмастың бишілер құрамынан кетіп қалды. Ал енді әнші ғаламтордағы өзінің әлеуметтік желілері арқылы «бишілер керек» деп жар сала бастады. Бірнеше күннен бері ол іріктеу ұйымдастырып жатыр. Алмас көңілінен шығатын жаңа бишіні ендігі тапқан да болар.

Мәлiметтiң көзi: 1tv.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив