KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Елордада «Қазақ әнінің саңлақтары» атты ән-күй, би кеші өтеді

14.02.2012, 18:00 147


Ертең Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» залында «Қазақ әнінің саңлақтары» атты ән-күй, би кеші өтеді.

Мәдени шара қазақ музыка өнерінде өшпес ізін қалдырған Қали Байжанов, Ғаббас Айтбаев, Қосымжан Бабақов және Рәбиға Есімжанованың шығармашылығына арналады. Концертке Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайрат Байбосынов, «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, дәстүрлі әншілер қатысады.

Қали Байжанов - ҚазКСР-інің халық әртісі, Қарағанды радио комитетінде Қазақ хорын ұйымдастырушылардың бірі. Композитор А.Жұбанов, этнограф А.Затаевич және басқа да өнер қайраткерлері Қ.Байжановтың орындаушылық өнерін жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші Рабиға Есімжанова халық әндерінің шебер орындаушысы, ХХ ғасырдағы қазақ әншілік өнерінде әйел орындаушылық мектебін қалыптастырушы тұлғалардың бірі.

Қосымжан Бабақов - әнші (тенор), композитор. «Темірші», «Завод», «Машина», «Отан үшін», «Жүр жолдастар майданға» т. б. халыққа танымал әндер шығарды. М.Әуезов Бабақовтың өзіндік дауысы мен орындау мәнерін ерекше ұнатып, жылы пікірлер білдірген. Біржан салдың әндерін Бабақовқа айтқызып, содан алған әсері бойынша «Абай жолы» романында әншіні суреттеген. Әншінің нотаға түсірткен әндері «Абай» операсында кеңінен пайдаланылды.

Ғаббас Айтбаев 1922 жылы Қарқаралыда өткізілген халық әншілерінің конкурсында бірінші орынға ие болды. Бүкілодақтық Кеңестер съезінің делегаттарына арналған концертке қатысып, Мәскеудегі консерваторияда өнер көрсетті.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив