KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Израильден бас жүлдемен оралған әнші Руфина Карибаеваны сұлулық салоны қамқорлығына алды

16.05.2012, 18:00 118


Жуықта ғанеа Израильде өткен «Улыбки красного моря» халықаралық байқауынан бас жүлдемен оралған Руфина Карибаеваны «Сhocolate» сұлулық салоны өз қамқорлығына алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сұлулық салонының иесі Алексей Родионов әжесінің тәрбиесіндегі талантты өнерпаз жайлы естіп, оған демеушілік жасағанды жөн көріпті. Енді Руфинаның сахналық макияжы мен шашын сәндеуде қиындық тумайды. Өйткені оған сұлулық салонының қызметі тегін көрсетілетінін растайтын сертификат пен материалдық көмек ұсынылды. Қайырымдылық көрсетіп отырған сұлулық салоны күні кеше ғана ашылыпты.

Алексей Родионовтың айтуынша, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің барша кәсіпкерлер үшін маңызы зор.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив