KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Насыбайдың мұсылмандыққа ешбір қатысы жоқ

15.05.2012, 18:00 264


Нұрлан қажы АСАНОВ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы:

– Бисмиллаахир - Рахманир - Рахим! Асыл дініміз жан мен тән тазалығына аса мән береді. Хадистерде аузынан сарымсақ, жуаның жағымсыз иісі шығатын адамды мешітке, көпшілік қауым жиналатын ортаға баруға тыйым салынған. Насыбай атып, көрінген жерге түкіріп, айналасын ластап жүргендер өздерінің осы қылықтарынан ұялуы тиіс. Қазір кейбіреулер темекі орыстікі, насыбай қазақтікі дейтін болыпты. Насыбайдың мұсылмандыққа ешбір қатысы жоқ.

Ата-бабаларымыз түрлі емдік шөптерден жасап, аузының дәмін алатын болса, оны әдепсіздікке ұластырмаған. Қазіргі уыздай жастардың жаны мен тәнінің, санасының уланып жатқаны алаңдатады. Солар насыбай орнына қойындарына құран, намаз оқитын жайнамаз, тәспі салып жүрсе, қандай жарасымды болар еді.

Әділбек БАЙМУСАНОВ,

дәрігер:


– Жастар, тіпті, жасөспірімдер арасында насыбай ату кең таралып, жаппай етек алып кеткені рас. Олардың насыбай деп тартып жүргендері негізінен түрлі химиялық қоспалардан астыртын дайындалатын, сапасы аса күмәнді, денсаулыққа орасан зор зиянын тигізетін зат. Оны құстың саңғырығына күл қосып, оған нас деп аталатын шөпті араластырып жасайды. Насыбайдың соратын, иіскейтін түрлері болады. Соған орай адам ағзасына әсер етуші күші де әртүрлі. Біздің әкелеріміз, бабаларымыз тартатын аршадан, түрлі емдік өсімдіктерден жасалатын таза, табиғи насыбай қазір жоқ. Бұрынғы кезде әркім өзі қолдан дайындап алатын насыбайдың өзін үлкендер болмаса, жастар қолданбайтын. Насыбай атқан адамды қанын тексеру арқылы оп-оңай анықтауға болады. Бір өкініштісі, елімізде насы-байдың әлі күнге наркотикалық заттар қатарына жатқызылмай отырғандығы. Дәрігер ретінде айтарым, кез келген наркотикалық заттар, алкогольдік ішімдіктер, оның ішінде насыбай адам денсаулығына аса зиян. Ол – әсіресе, қатерлі ісік ауруларының басты себептерінің бірі. Жастардың көбі оны қызық көріп, сонан соң басқаларға еліктеп тартады. Оны өздерінше мақтан көреді.

Бақыт АБДРАЙЫМОВА,

жоғары санатты ұстаз, Катонқарағай ауданы:


– Жасөспірімдер арасында насыбай ату сәнге айналып кеткені анық. Әр нәрсеге еліктегіш олар насыбайдың зияны туралы ойланып жатпай, өздерінше «ерекше жан» болып көрінгісі келеді. Мені ашын- дыратыны, насыбайды таратуға үлкен- дердің өздері себеп болып жүргендіктері. Әсіресе, ұсақ саудагерлердің болмашы тиын үшін өз ұрпағын улап жатқанын білгісі келмейтіні несі екен? Ұлт болашағын, ұрпағының қамын, ел ертеңін ойлаған әр азамат осыған тосқауыл қоюға атсалысуы керек.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив