KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қызылорда университетінің күндері өтті

12.05.2012, 18:00 224



Ұлы Жеңіс күні мерекесін атап өтісімен Семей мемлекеттік университетінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің күндері өткізілді. Бұл бастама қос ұжым басшылары Шәріпбек Ағабайұлы мен Қылышбай Алдабергенұлының арасындағы келіссөздері нәтижесінде орын жүзеге асырылды.
Наурыз айының ортасында гуманитарлық-заң факультетінің деканы, ф.ғ.д., проф. А. Еспенбетов бастап, Семейдегі Абай қорық-мұра¬жайы¬ның директоры, ғалым-филолог, доцент Ж. Әубә¬кір, тарих кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Р. Екібаев сынды азаматтар арнайы іс-сапармен Қызылордадағы іргелі оқу орнына барып қайтқан болатын.

Енді міне, осы байланысты тоқтатып қалмай, Ұлылар елімен сабақтастықты орнықтыру үшін құрамында «Қорқыттану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., проф. Бағдат Кәрібозұлы бастаған топ Семей жеріне табан тіреді.
Сыр бойынан қарт Ертіс жағасына келген ғалым-ұстаздар Қызылорда университеті ұжымы атынан 200 томдық «Сырдария кітапханасы» сериясымен басылған кітап қорының 100 томын Семей университетінің кітапханасына сыйға тартты. Бағдат Кәрібозұлы сыр елінің белгісі -Қорқыттан қалған қобыздың сарыны болып тұрсын деп, қолөнер шеберлерінің он саусағынан шыққан қобызды тарту етті.
Бұл сый айта кету керек, тақауда ашылатын университеттегі мұражайға қойылатын алғашқы құрметті қонақтардың сыйы ретінде қойылатынын Ш. Әмірбеков мақтанышпен жеткізді.

Жоспарға сәйкес Шәкәрім мұрасымен танысу мақсатында «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығында болып, «Радиоэкологиялық ғылыми зерттеу орталығы» инженерлік бейіндегі зертханасының жұмысы жайлы ақпар алмасып, екі өңірді де мазалатып отырған экологиялық проблемалар әркімді де бей жай қалдырмайтыны жайлы Қызылорда университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру бөлімінің бастығы, ф.ғ.к., доцент Ғабит Тұяқбаев атап өтті. Алдағы уақытта ғылыми бағытта жұмыстарды бірлесе жандандыру жоспарын құру сөзі болды.

Профессор Бағдат Кәрібозұлы алдымен «Қорқыт дәстүрі және Сыр сүлейлерінің әдеби мұрасы» тақырыбында жиылған оқытушылар мен студенттер қауымына дәрісін оқыды. Дәрісті филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғабит Тұяқбаев жалғастырды. «Сыр сүлейлері әдеби мұралары мен Абай шығармашылығы арасындағы үндестік», «Сыр елінің ақындық мектебі және оның қазақ әдебиеті тарихындағы орны» тақырыптарында ой бөлісті.
Қалалық Мәдениет Сарайында «Сыр бойы - жырдың кеніші» атты қос ұжымның біріккен шығармашылық концерті аясында Қызылорда университетіндегі «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы ұстаздарының терме-толғау, домбыраның үні мен қобыздың сарынынан құлақ құрышын қандырар өнер кешіне ұласты.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив