KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қызылордада Абай күндері өтеді

12.03.2012, 18:00 168


Бүгін Шәкәрім атындағы университеттің факультет деканы, профессор Еспенбетов Арап Сләмұлы бастаған бір топ азаматтар Қызылорда қаласына аттанды.

Қарт Ертістің бойынан Сыр еліне бара жатқан сапар барысында Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, игі дәстүр сабақтастығын жалғастыру және шығармашылық-ынтымақтастық байланыстар орнату себептерін университет ректоры Шәріпбек Ағабайұлы атап көрсетті. Бұл мақсатты орындауда Абайдың қорық-мұражайының директоры Әубәкір Жандос Мағазбекұлы, тарих кафедрасының меңгерушісі Екібаев Рүстем Жақсыбекұлы сияқты азаматтар Семейдің тарихы, Абай, Шәкәрім, Мұхтардың ортасы туралы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде дәрістер оқып, тәжірибе алмасып қайтпақ.
Екі университет арасындағы өзара ынтымақтастық шарттарына сәйкес академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен магистранттар алмасу мәселесін көтереді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив