KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Байқамасаңыз, баннерге ілінесіз

9.08.2012, 18:00 331


Өскемен қаласы жол полициясы басқармасы қарызы бар жүргізушілердің аты-жөндерін тағы да жарияламақ болып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл тізімге 11,5 мың адам кірмекші. Жол тәртібін бұзғандардың қарызы - 96 миллион теңге шамасында.

Жыл басынан бері 11,5 мың өскемендік жүргізуші жол тәртібін бұзған. Бірақ олар мойындарындағы айыппұлды төлеуге асығар емес.

- Осы жағдайға байланысты біз олардың есімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын боламыз. Өткен жылы бұл шара өз нәтижесін берген болатын, - дейді қалалық жол полициясы басқармасының маманы Алмаз Айтқазинов.

Жол полициясы мамандары осымен ғана тоқтайын деп отырған жоқ. Жуықта облыс орталығының басты көшелерінде ең көп қарызы бар көлік иелерінің суреттері айпарадай болып баннерлерге де ілінуі мүмкін.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив