KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Абайдың қара сөздері қашалған гранит тақтайшалар Өскеменде орнатылды

19.09.2013, 18:00 127


Өскемен қаласындағы Республика алаңында қазақтың ғұлама ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың қара сөздері қашалған гранит тақтайшалар орнатылды. Ақынның сөздері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бұлбұл Бакинованың айтуынша, олар сөздерді қалай жазу және безендіру жайында ұзақ ойланыпты.

«Біз «қара сөздердің» ішінен білімге, еңбек пен отбасына қатысты ең маңызды дегендерін таңдар алдық. Бұл жұмыста бізге С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушылары көп көмектесті, олар мәтіндерді орыс және ағылшын тілдеріне аударды. Қате кетіп қалмас үшін мен тақтайшалар дайындалған салонға өзім барып, әрбір әріптің дұрыс жазылуын қадағаладым», дейді Бұлбұл Рамазанқызы.

Қырық бес «қара сөзден» барлығы 12 үзінді таңдалып алынған. Облыстық ішкі саясат басқармасының кеңесімен тағы екі тақтайшаға ақынның басқа шығармаларынан үзінділер жазылыпты.

Орталық алаңда барлығы 14 ескерткіш тақта орнатылған. Ұйымдастырушылар Абайдың өсиет сөздерін оқыған әрбір азамат ойға келіп, рухани азық алады, әсіресе, жастарға үлкен тағылым болады деп сенеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив