KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 500 мың теңгеден сыйлық беріледі

27.04.2017, 18:00 213



Облыс әкімі Даниал Ахметовтың шешімі бойынша Жеңіс күніне орайШығыс Қазақстанда тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне 500 мың теңгеден сыйлық беріледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Ел Шығысында ардагерлерге әрдайым ерекше назар аударылып келген. Осы жылы 9 мамырға байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері ақшалай сыйлық алады. Төлемдер мөлшері Жеңістің 70 және 71 жылдықтарында болған деңгейде сақталады. Осылайша, ардагерлердің бейбіт өмірде де өз балалары мен немерелеріне көмектесу мүмкіндігі бар, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Бүгінгі таңда облыс қалалары мен аудандарында Ұлы Отан соғысының 99 мүгедегі және 231 қатысушысы, 25 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрып жатыр. Олардың барлығы жыл көлемінде облыстық бюджет қаржысы есебінен шипажайлық-курорттық жолдамалармен және гигиеналық құралдармен қамтылатын болады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив