KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

RADIO ALTAY жаңалықтары - 10 мамыр 2012 жыл

9.05.2012, 18:00 227


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылған шара Өскемендегі «Үлбі» мәдениет сарайында болды. Салтанатты кешке облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Кеш соңы әсем әнге толы мерекелік концертке ұласты.

Семей қаласындағы ардагерлер кеңесі мен «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы Силикат зауытының маңындағы бауырластар зираты ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрбандарды еске алды. Соғыс кезінде Семейде госпиталь орналасқан. Онда жауынгерлер ауыр жарақаттардан қайтыс болған. Енді семейлік ардагерлер аты-жөндері жазылмаған жауынгерлер туралы деректерді қарастырып, жаңадан стенд қоюды жоспарлап отыр.

Отан қорғаушылар күнінде облыс орталығында «Еске алу вахтасы» акциясы өтті. Өскемендегі әскери патриоттық клубтардың жас өрендері «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қойды. Бұл клубтар бүгінде Өскемендегі әртүрлі мектептерде құрылған 11 мен 17 жас аралығындағы 420 жасөспірімдерді әскери тәртіпке тәрбиелеу үстінде.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарының қызметкерлері Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, құрмет көрсетті. Салтанатты митинг Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға арналған ескерткіштің алдында басталды. Ұлы мерекемен және ант қабылдаған жас қызметкерлерді департамент басшысы Рашид Жақыпов құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Алматы қаласында өткен Төртінші Халықаралық «Ғұмырдария» жасөспірімдер мен балалар шығармашылығы ән-би байқауында өскемендік Алпыс Жақиянов «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша бірінші орынды, «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша екінші орынды иеленіп, қос жүлдемен оралды, Алпыс маусым айында Түркияда өтетін Халықаралық дәстүрлі ән фестиваліне жолдама алды.
Семейде даңқты палуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін қазақ күресінен бірінші рет халықаралық турнир өтті. Түйе палуандар бәсекесінде семейлік Айбек Нұғымаровқа тең келер қарсылас болмады.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив