KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Ардагерлерге құрмет көрсетті

7.05.2012, 18:00 85


Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарының қызметкерлері Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Altaynews.kz

Жеңістің 67-жылдығына арналған салтанатты митинг Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға арналған Даңқ мемориалынан басталды.

Мемориал қабырғасындағы аттары мәрмәр тасқа қашалып жазылған құрбандардың арасында 41 жылы құқық қорғаушының кителін солдат гимнастеркасына айырбастаған кеңес милиционерлерінің де есімі бар.

Ардагерлерге құрмет көрсетті Ардагерлерге құрмет көрсетті

Мемориалдағы мәңгілік алауға қойылған гүл шоқтары - зұлмат соғыс құрбандарына, майданнан оралмаған жауынгерлерге, ауыр жарақат салдарынан қаза тапқан жауынгерлерге, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетудің белгісі.

Мерекенің екінші бөлігі Ішкі істер департаментінің алдында қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескеркіштің жанында жалғасын тапты. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, ішкі істер органдары ардагерлерінің алдында жас қызметкерлер Отанымызға және егемен еліміздің халқына адал қызмет етуге ант қабылдады.

Ұлы мерекемен және ант қабылдаған жас қызметкерлерді департамент басшысы Рашид Жақыпов, милиция генерал-майоры Аманжолов Майдан Молдақашұлы құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив