KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Пәшеске қояр кінәм жоқ

7.05.2012, 18:00 138


Керекуде Бәшен есімді құдамыз тұрды. Ұлы Отан соғысына қатысқан, одан оралғаннан кейін үш күннен соң ұсталып, үш жыл отырып шыққан, бертінде қайтыс болды. Ол кісінің сотталуы да күлкі шақырарлықтай.

Соғыстан ауылға бірінші болып оралған осы Бәшекең болыпты. Ол кезде карикатуристер фашистерді адам бейнесіндегі құбыжық ретінде неше түрлі суретке салып, жария етеді екен. Сондайларды көрген ауылдың аңқау қазақтары майдангерден:

- Бәке, пәшест деген өзі қандай болады екен? - деп сұрамай ма.

- Мен тірі пәшесті көргемін жоқ, олар мені көрген жоқ, обалы не керек, пәшеске қояр ешқандай кінәм да жоқ. Айдалада қаңғып жүрген бір оқ өзі келіп тиді, - депті.
Сөйтсе, ол далалық асханада отын-су тасушы болған екен. Бірде маңайдағы тоғайдан отын тиеп алып, жайбарақат келе жатқанында таяу жерге түскен бомбаның күші арбасын төңкеріп тастапты. Жарықшақ арбакештің бір аяғының жіліншігін үзіп кетіпті. Бірер ай далалық госпитальда емделіп шыққан соң, әскер қатарына жарамсыз болып шығады. Содан Бәшекең «үстімде сұр шенелім, ақсаңдай басып келемін» деп Қасым ақын жырлағандай, қиралаңдай басып, елге оралады емес пе.

Жаңағы сөз дереу үшәріптегілердің құлақтарына жетіп, Бәшен солдат тыныштықта ұйқысын да қандыра алмастан, айдалып кете барыпты...




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив