KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Палуандарымыз мықтылығын тағы дәлелдеді

6.05.2012, 18:00 156


Оралда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Дүбірлі жарыста шығысқазақстандық палуандар арасында грек-рим күресінен 66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ербол Қоңыратов қарсылас шақ келтірмей мықтылығын тағы дәлелдеді. Ол биыл Азия чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, 55 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Мә-ди Жарболов аса тартысты өткен айқаста оралдық Артур Үмбетқалиевке есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты. 84 келіде шығысқазақстандық жас палуан Нұрсұлтан Тұр-сынов пен алматылық Саят Сарманбеков белдесті. Шешуші сәтте Саяттың бағы жанды. Нұрсұлтан екінші орынды иеленді.
Еркін күрес шеберлері арасында біздің облыстың палуандары Расұл Қалиев (55 келі) пен Семен Семенов (84 келі) жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Расұл ақтық бәсекеде қарағандылық Марғұлан Жүсіповты, Семен алматылық Аслан Кахидзені айқын басымдылықпен ұтты.
Ал әйелдер күресі бойынша 63 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Ирина Казюлина үшінші орын алды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив