KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 5 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Тұрлыханов турнирі мәреге жетті

13.05.2012, 18:00 167


Семейде әлемге әйгілі палуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін қазақ күресінен халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Турнирге Германия-дан және еліміздің бар-лық облыстарынан 200-ге жуық палуан қатысып, жеті салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады.
Екі күнге созылған жарыста оралдық Қа-зыбек Сұпығалиев, алматылықтар Амангелді Сатыбалдинов, Аслан Түсіпханов, астаналық Ерлан Естек жеңімпаз атанды.

Бұл турнирде біздің облыстың палуандары да жақсы өнер көрсетті. 82 келі салмақ дәрежесінде семейлік Мереке Тұрашев қарсыластарының бәрін айқын басымдылықпен ұтты. Ал 90 келі салмақтағы Мұрат Тұрсынов ақтық бәсекеде неміс палуаны Хельдің жауырынын жерге тигізді. Аса ауыр салмақта сынға түскен Айбек Нұғымаров өзінің мықтылығын тағы дәлелдеді. Айбек «Түйе палуандар» бәсекесінде топ жарып, жүлдеге тігілген темір тұлпардың иесі атанды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив