KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Еншімізде – екінші орын

26.02.2012, 18:00 210


Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде дзюдодан 1993-1994 жылы туған палуандар арасында үш күнге созылған Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 300-ден астам палуан қатысып, бақтарын сынады. Қазіргі уақытта біздің облыста жас-тар арасында дзюдо қарқынды дамып келеді. Мұны жарысқа қатысқан шығысқазақстандық палуандар татами үстіндегі айқастарында айқын дәлелдеді.
Жалпы командалық есепте Қы-зылорда облысының палуандары топ жарса, шығысқазақстандықтар екінші орынды иеленді. Спорттың бұл түрінен елімізде көш бастаушылар қатарында келе жатқан Қарағанды құрамасы үшінші орынға шықты.
100 келі салмақ дәрежесінде шығысқазақстандық Дәурен Нұра-линовтың жартылай финалда қарағандылық Михаил Раковпен айқасы жанкүйерлердің есінде қалды. Дәурен қарсыласынан ұтылып жатып, төрешілер белгілеген қосымша уақытта айласын асырып, жеңіске жетті. Бұл –жерлесіміздің республикалық бәсекеде жеңімпаз атануына жол ашып берді.
Сондай-ақ, Дәуреннің жеңісті жолын 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жандос Ғизат жалғастырып, бірінші орынға ие болды. Ал қыздар арасында 70 келі салмақ дәрежесінде семейлік Зере Бектасқызы қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді.
Осы біріншіліктің қорытындысы бойынша жүлдегер палуандар Қазақстан жастар құрамасына қабылданды. Олар халықаралық турнирлерге қатысып, шеберлікте-рін шыңдай түседі. Содан кейін үздіктердің үздігі ғана іріктелініп, биылғы қыркүйек айында Тайпейде өтетін Азияның жастар чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив