KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Электронды қызмет түрі қашан енгізіледі?

2.05.2012, 18:00 208


– Алдағы уақытта электр қуаты үшін төлем қағазын электронды түрде және СМС-хабарлама арқылы алуға болады деп естідім. Бұл жүйе қашан енгізіледі?

Шолпан Боранбаева

Өскемен.

Бұл сұраққа «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің баспасөз қызметі жауап береді:

– «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің бұл жаңа қызмет түрі енгізіліп те қойды. Енді электр қуатының төлем қағазын электрондық мекенжайыңыз арқылы алуыңызға болады. Жаңа қызмет түрі тек жеке тұлғаларға ғана көрсетіледі.
Төлем қағазын әлемнің кез келген жерінде жүріп, жылдам алуға мүмкіндік беретін бұл қызмет түріне жазылу үшін дербес шоттың иесі Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 156, 101-кеңсе немесе Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 243/а, 100-кеңсе мекенжайларындағы компанияның операторларына жеке бас куәлігімен келіп, өзінің электрондық мекенжайы көрсетілген өтініш жазуы тиіс.
Бастапқы үш айда төлем қағазы қағаз түрінде де, электронды нұсқада да жеткізіліп тұрады. Қызмет көрсету – тегін.
Бұл қызмет түрін пайдаланғысы келмейтіндер бұрынғыдай қағаз түбіртекпен ала береді. «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдағы уақытта да тұтынушыларға қолайлы қызмет көрсету жүйесін дамыта бермек. Компания жақын арада тағы бір жаңа қызмет түрі – төлем шотын тұтынушының ұялы телефонына СМС-хабарлама арқылы жеткізуді жоспарлап отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив