KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ғаламтор арқылы некеге тұруға бола ма?

11.03.2013, 18:00 167


– Таяуда бір досым ғаламтор арқылы некеге тұрғанын айтты. Менің сұрайын дегенім, ғаламтор арқылы некеге тұру тәртібі қандай?

Саян Белгібаев
Өскемен.

Оқырман сауалына жауап облыстық әділет департаментінің мәліметі бойынша әзірленді:

– Үшінші жыл қатарынан «Электронды үкімет» порталында «Некені тіркеу үшін өтінішті қабылдау» электронды қызметі жүзеге асырылып келе жатыр. Отау құруға ниетті жастар ғаламтор арқылы да некеге тұра алады. Бұл қызмет түрінің көмегіне жүгіну үшін электронды санды қолтаңбаң болса жеткілікті. Оны алу үшін сіз «Электронды үкімет» порталына немесе қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жазсаңыз болды. Сөйтіп, электронды санды қолтаңбаның көмегімен еліміздің кез келген азаматының электронды жүйеде некеге тұру өтініштері электронды қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Некеге тұру өтініштерін беру үшін баж алымы автоматтандырылған жүйедегі электронды үкіметтің төлем төлеу шлюзі арқылы төленеді. Онлайн өтініш қабылдағаннан соң, АХАЖ бөлімі өтініш берушілердің некелесу күні мен уақытын белгілеп береді. Жалпы, біздің облыс халыққа қызмет көрсету саласында заманауи технологияны енгізуде әрқашан алдыңғы орында. Болашақта мемлекеттік қызмет көрсетудің дәстүрлі түрінен электронды қызмет түріне жүгінушілердің де қатарының артатыны даусыз.


Мейрамтай Иманғали

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив