KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«Қазцинк» аумағынан құрал-саймандар будкалары жоғалуда

1.05.2012, 18:00 115


Өскемен қаласының Ішкі істер басқарамасына «Промстрой» ЖШС-нің басшылығы шағымданды.

Өтініште 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың сәуір айына дейін «Промстройдың» мүлкі мен өндірістік алаңдары орналасқан «Қазцинк» ЖШС-нің аумағынан белгісіз біреулер құрал-саймандардың 6 будкасын ұрлап әкеткені жазылды. Келтірілген шығын миллион теңгеден астам.

Жедел қызметкерлерімен кәсіпорынның жетекші мамандары мен бұрынғы жұмыскерлері сұралды. Қылмыстық іс қозғалды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив